Түркияда президент және парламент сайлауы басталды

812

Түркияда президент және парламент сайлауы басталды

Анкарада 24 маусым, яғни бүгін басталған президентік және парламенттік сайлауда қауіпсіздікті 16 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді, деп хабарлайды "Анадолу" агенттігі. 

Анкара үш сайлау округіне бөлінген және ел тұрғындары 11392 сайлау учаскесінде дауыс береді. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында 40 арнайы полиция техникасы мен 35 брондалған автомобиль мен тікұшақ және дрондар жұмылдырылады.

Түркиядағы сайлауда барлығы 56 млн 322 мың 632 сайлаушы дауыс береді. Сайлау учаскелерінде 180 065 жәшік орнатылған.

Шетелдегі Түркия азаматтары 19 маусым күні дауыс беріп қойған. Шетелде тіркелген сайлаушылар Түркия шекарасындағы өткізу пунктінде дауыс бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу